5 алтын, 3 күміс және 9 қола медаль – Жамбыл облысы чемпионатта көш бастады

14 Қаңтар 2025
1

Қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты.

 Жалпыкомандалық орындарға келер болсақ, қоржындарына 5 алтын, 3 күміс және 9 қола медаль салған Жамбыл облысы топ жарды. Өз кезегінде 3 алтын және 1 қола медальға ие болған Түркістан облысы екінші орынға тұрақтады. Ал 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізген Жетісу облысы үздік үштікті түйіндеді.

 Еске салсақ, ҚР чемпионатына Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан 450-ден астам балуандар сайысып, кіл мықтыны анықтауда.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және Sport Qory cпортты қолдау қоры.