8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен құттықтау

08 Марта 2025

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар!

Сіздерді шұғылалы көктемнің мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

Осы жарқын мереке көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын, үйлеріңіз жылылыққа толы болсын. Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз. Еліміздің әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспіз.

Көктемнің шырайлы шуағы әркез Сіздермен бірге болып, әр күн көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын!

Iзгi ниетпен,
Qazaq Kuresi Ассоциациясы.