Ақын, әдебиет зерттеуші ғалымы, публицист, педагог, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлын еске алуға арналған республикалық турнир
27 Қыркүйек 2024
Поделиться
1
Қостанай облысының орталығы – Қостанай қаласында ұлттық құндылығымыз әрі төл спортымыз – қазақ күресінен ақын, әдебиет зерттеуші ғалымы, публицист, педагог, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлын еске алуға арналған республикалық турнирі басталды.
Екікүндік жарыс бағдарламасына сәйкес, әр өңірден келетін командалардың сандық құрамы: 269 спортшы, 20 жаттықтырушы, 20 төреші, 20 ресми өкіл.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және Sport Qory cпортты қолдау қорының демеушілігімен өтетін республикалық турнирдің барысында еліміздің әр өңіріннен келген спортшылар -55, -60, -66, -74, -82, -90, -100 және +100 келі салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтыны анықтауда.