Қазақ күресі жаттықтырушылары мен төрешілеріне арналған аттестация және біліктілікті арттыру курсы
01 Қазан 2025
Поделиться
1
2025 жылғы 15-17 қазан күндері аралығында қазақ күресінің жаттықтырушылары мен төрешілерге арналған аттестаттау және 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтеді.
Бағдарлама:
Қазақ күресі – Ұлттық құндылығы, бастапқы дайындық кезеңі, кіші жасөспірімдермен жұмыс барысындағы қауіпсіздік талаптары және педагог-жаттықтырушыға арналған әдістемелік нұсқаулықтар;
- Қазақ күресі – Жоғары дәрежелі спортшылармен жұмыс істейтін заманауи қазақ күресі жаттықтырушысының кәсіби даярлығының ерекшеліктері;
- Қазақ күресі бапкерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру: заңнама, психология, оңалту және "жедел жәрдемге" дейінгі алғашқы медициналық көмек негіздері;
- Қазақ күресінің заманауи талаптары бойынша бапкерлер мен төрешілерді аттестациялау.
Тіркелу: https://forms.gle/XXS5KepDS61YVXdf7
Қосымша сұрақтар бойынша 87711650591 нөміріне хабарласуға болады.
Өтетін орны:
Курс: Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы. (Астана, Мәңгілік Ел, 5/1, ЭКСПО, В 2.2).
Аттестаттау: Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. (Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 43).