2025 жылғы 30-31 тамыз күндері аралығында Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласында қазақ күресінен ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтетінін хабарлаймыз!
Жарыс бағдарламасына сәйкес, облыс және республикалық маңызы бар қалалардың құрама командаларының спортшылары қатысып, кілемде 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келі салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтайтын болады.
Еліміздің барлық өңірінен ат терлетіп келетін ардагер балуандар чемпионат барысында түрлі дәрежедегі 168 медаль мен 1 кубок жиынтығын сарапқа салмақ.
Өтетін орын: Талдықорған қаласы, «Өркен» спорт кешені.
Басталуы: 30 тамыз, сағат 10.00
Салтанатты ашылуы: 30 тамыз, сағат 13.00
Кіру тегін!