Тараз қаласында 7-9 қараша күндері аралығында өткен қазақ күресінен ересектер (ерлер мен әйелдер) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының үшінші күнгі жеңімпаздары анықталды.
Жарыстың соңғы күні ерлер -55 кг, -60 кг, Түйе балуан, ал әйелдер -48 кг, -52 кг салмақ дәрежесінде кілемге шыққан болатын.
Үшінші жарыс күнінің жеңімпаз-жүлдегерлері келесідей:
Ерлер:
55 келі
І орын – Баймурзинов Архат (Қостанай облысы)
ІІ орын – Руслан Теміржан (Қызылорда облысы)
ІІІ орын – Миразат Айбатыр (БҚО)
ІІІ орын – Жүніс Бекет (Атырау облысы)
60 келі
І орын – Қаракесеков Нұртілек (Ұлытау облысы)
ІІ орын – Амзебек Бекзат (Шымкент қаласы)
ІІІ орын – Нигматуллаев Марат (Жетісу облысы)
ІІІ орын – Төлепов Бекжан (Жетісу облысы)
Түйе балуан
І орын – Дәлелханулы Мұхтар (Павлодар облысы)
ІІ орын – Аусағитов Алтынбек (СҚО)
ІІІ орын – Шынкеев Олжас (Астана қаласы)
ІІІ орын – Теңгебаев Айдос (Жамбыл облысы)
Әйелдер:
48 келі
І орын – Құралбай Іңкәр (Жамбыл облысы)
ІІ орын – Хасенқызы Айдана (Маңғыстау облысы)
ІІІ орын – Қазез Жанат (Абай облысы)
ІІІ орын – Жақсыбай Жібек (Атырау облысы)
52 келі
І орын – Байғараева Сағат (Жамбыл облысы)
ІІ орын – Нұрханова Алтынай (Павлодар облысы)
ІІІ орын – Данайбек Аружан (Жамбыл облысы)
ІІІ орын – Телемгенова Айгерім (Алматы қаласы)
Үздіктердің қатарынан көрінген балуандарды жүлделерімен құттықтаймыз!!!
Еске салсақ, ҚР чемпионатына Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан 450-ден астам балуандар сайысып, кіл мықтыны анықтады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және Sport Qory cпортты қолдау қоры.