Қазақ күресінің жаттықтырушылары мен төрешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы мен аттестациялау

15 Қазан 2025
1
Бүгін Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе жек сарайында қазақ күресінің жаттықтырушылары мен төрешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы мен аттестациялау басталды. Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы: І. Қазақ күресі – Ұлттық құндылығы, бастапқы дайындық кезеңі, кіші жасөспірімдермен жұмыс барысындағы қауіпсіздік талаптары және педагог-жаттықтырушыға арналған әдістемелік нұсқаулықтар; II. Қазақ күресі – Жоғары дәрежелі спортшылармен жұмыс істейтін заманауи қазақ күресі жаттықтырушысының кәсіби даярлығының ерекшеліктері; IIІ. Қазақ күресі бапкерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру: заңнама, психология, реабилитация және алғашқы көмек негіздері. Бірінші күннің лекторлары: - Даулет Әзербаев – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының сеньор-лекторы; - Ғани Келдіқұлов – Қазақ күресінен ҚР құрамасының бас бапкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері; - Абылайхан Қалназар – "Балуан-тас" кітабының авторы; - Гүлбарам Құлахметова – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті; - Айбат Сейтен – Қазақ күресінен ҚР құрамасының аға жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы; - Ғұмар Қырғызбаев – Қазақ күресінен ҚР құрамасының аға жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы; - Ілияс Измагилов – Қазақ күресінен ҚР құрамасының аға жаттықтырушысы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Әлем кубогінің жеңімпазы. Біліктілікті арттыру курсы мен аттестаттау 2025 жылғы 17 қазан күні аяқталады.