БАКУДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

22 Тамыз 2026
1

Әзербайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасындағы XII әлем чемпионаты басталды. 22–23 тамызға жоспарланған жарысқа 24 елден 159 спортшы қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады.

Баку бозкілеміне Азия мен Еуропаның түрлі күрес мектептерінен келген балуандар жиналды. Екі күнге созылатын бәсекеде ерлер сегіз, әйелдер сегіз салмақта әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Қазақстан құрамасы да екі санат бойынша жүлдеге таласады.

Чемпионат аясында спорттық бәсекемен қатар ұлттық федерациялар өкілдерінің кездесуі өтеді. Онда қазақ күресін әр елде дамыту, халықаралық байланысты нығайту және бірлескен жұмысты жалғастыру мәселелері қаралады.

Қазақ күресі бүгінде 40-тан астам елде дамып келеді. Бакудегі әлем чемпионаты осы елдердің балуандарына өзара күш сынасуға, ал федерация өкілдеріне алдағы жұмыс бағыттарын талқылауға мүмкіндік беріп отыр.

Әлем чемпионатының бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. Демеушісі — Sport Qory спортты қолдау қоры.