2025 жылғы 11 қаңтар күні Астана қаласында орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ересектер арасындағы "Дала қырандары" республикалық турнирі өтетінін хабарлаймыз!
Дәстүрлі турнирда еліміздің басты рейтингтік жарыстарында 8 салмақ дәрежесінде ең жоғары ұпай жинап іріктелген 64 балуан сынға түседі.
Турнирге қатысатын белгілі балуандар:
• Бекжан Төлепов – Әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері, «Дала қырандары» турнирінің екі дүркін чемпионы!
• Жұмажан Қожамбеков – екі дүркін әлем чемпионы, V Дүниежүзілк Көшпенділер ойындары мен Жекпе-жек ойындарының жеңімпазы!
• Ерсұлтан Мұзаппаров – әлем чемпионы, V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпазы!
• Алтынбек Аусағитов – Азия мен Әлем кубоктарының жеңімпазы!
• Нұрдәулет Жарылғапов – Әлем және Азия чемпионы, «Дала қырандары» турнирінің екі дүркін жеңімпазы!
• Ерасыл Қажыбаев – «Қазақстан барысы – 2024» турнирінің жеңімпазы, екі дүркін күміс жүлдегері!
Бұл керемет спорттық оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Сіздерді кілемдегі тартыс пен нағыз батырлардың рухы күтеді!
Әр салмақтың «Бас балуаны» атағының иегерлерін көргілеріңіз келсе, бізбен бірге жанкүйер болыңыздар!
Жарыстың бас демеушісі – «Дала Қырандары» спортты қолдау ұлттық қоры» қоғамдық қоры.