Дели: Әлем чемпионатының бірінші күні өз мәресіне жетті

26 Ақпан 2025
Үндістанның Дели қаласында ересектер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионаты.

Әлемнің 20-ға жуық мемлекеттің спортшылары қатысып жатқан дүбірлі доданың бірінші жарыс күні өте тартысты өтті. Қатысушы командалар үлкен дайындықпен келгені анық байқалды. Әсіресе, Үндістан елінің құрама командасының өкілдері қазақстандық балуандарға жоғары бәсекелестік таныта білгенін атап өткен жөн.

Ертең, 27 ақпан күні ерлер -82 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг, ал әйелдер - 65 кг, -70 кг, -77 кг, +77 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Өтетін орын: Үндістан, Дели қаласы.
Басталуы: 27 ақпан, сағ. 10.00

Ұйымдастырушы – Qazaq Kuresi Ассоциациясы.

Әлем чемпионатының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және Sport Qory cпортты қолдау қоры.