Түркі әлемінің рухани астанасы, қасиетті Түркістан қаласының төрінде өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогі өз мәресіне жетті.
«Олимпик Арена» спорт кешеніндегі дүбірлі күрес бәсекесіне 9 елдің, яғни Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Әзербайжан және Моңғолияның 100-ге жуық спортшысы қатысып, өзара кіл мықтыны анықтады.
Түркістан қаласында қазақ күресінен әлем кубогі жарысының өтіуі өте маңызды және спорт саласында үлкен оқиға болып табылады. Бұл шараның мақсаты – қазақ күресін халықаралық деңгейде насихаттау, әлем елдерінің арасында спорттық байланысты нығайту және түркі әлемінің мәдени мұрасын таныту.
Екі күнге созылған бәсі биік доданың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Мемлекет басшысы Жолдауда бұқаралық спортты дамыту мен халықтың денсаулығын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін айтып, соңғы уақытта өңірде спорт саласы серпінді дамып келе жатқанын атап өтті.
– Түркі әлемінің рухани астанасы, қасиетті Түркістан төрінде қазақ даласының батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем кубогіне қош келдіңіздер. Қазақ күресінің ұлттық спорт түрлерінің ішінде өзіндік орны ерекше. Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам мемлекетінде ұлттық күресімізден федерациялар құрылып, жұмыстар атқаруда. Өздеріңізге белгілі, қазақ күресінен бүгінге дейін 10 Әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 Әлем кубогы және 6 Еуропа чемпионаты өткізіліп, төл күресіміз дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Бұл іс-шаралардың барлығы бұқара халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтауға өзіндік зор үлесін қосуда, – дей келе Ертай Кенжебекұлы спортшыларға сәттілік тіледі.
Әлем кубогі аясында әртүрлі мемлекеттерден келген мықты спортшылар боз кілемде өз шеберліктерін байқатты. Қазақ күресі, өзінің ежелгі тарихымен және ерекше ережелерімен танымал, сондықтан бұл жарыс халықаралық спортшыларға қазақ халқының дәстүрлі күрес мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді. Ал дүбірлі дода өз кезегінде қазақ күресін одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның әлемдегі спорттық имиджін нығайтуға үлкен ықпал етері сөзсіз.
Қазақ даласының батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған доданың бағдарламасына сәйкес, балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежесінде белдесті.
Тартысты өткен белдесулердің нәтижелері:
55 kg
1. Tugushev Ruzimon KAZ
2. Mirazat Aibatyr KAZ
3. Dunyamaliyev Elshan AZE
3. Zhunis Beket KAZ
60 kg
1. Nigmatullaev Marat KAZ
2. Muratuly Bekarys KAZ
3. Suleimen Yernur KAZ
3. Amzebek Bekzat KAZ
66 kg
1. Bilalov Akezhan KAZ
2. Khuanbay Yelaman KAZ
3. Moldash Kemelbek KAZ
3. Kaiyrzhan Ayan KAZ
74 kg
1. Kairgali Tolepbergen KAZ
2. Kairbek Batyrkhan KAZ
3. Eskaziev Armat KAZ
3. Yerkinuly Zhiger KAZ
82 kg
1 Baktybaiuly Nurdaulet KAZ
2 Sayfidinzoda Sayfidin TJK
3 Adilzade Adil AZE
3 Ryenchindori Altannaran MGL
90 kg
1. Zhanatayev Yerasyl KAZ
2. Battulga Murrentsen MGL
3. Sagtaganov Yengbek KAZ
3. Beskempir Aidar KAZ
100 kg
1. Chviniashvili Zurab GEO
2. Amangeldi Yerassyl KAZ
3. Ghviniashvili Paata GEO
3. Bolashag Jandos MGL
+100 kg
1. Shynkeev Olshas KAZ
2. Bughadze Onise GEO
3. Fedorov Danil KAZ
3. Almazbekov Orozbek KGZ
Бір атап өтерлігі, халықаралық додада 66 келі салмақта өнер көрсетіп, қарсыласын шақ келтірмеген Әкежан Билалов Әлем кубогінде тігілген автокөліктің иесі атанды.
Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаз-жүлдегерлерге қаржылай сыйлық қарастырылған болатын. Атап айтқанда, Әлем кубогінің жеңімпаздарына 500 мың теңгенің, сәйкесінше күміс және қола жүлдегерлеріне 300 және 200 мың теңгенің сертификаттары табысталды. Сонымен қатар, жеңімпаздардың жаттықтырушыларына да 200 мың теңгеден бұйырды.
Жалпыкомандалық қорытынды келесідей:
І орын – Қазақстан (7 алтын, 5 күміс, 10 қола)
ІІ орын – Грузия (1 алтын, 1 күміс, 1 қола)
ІІІ орын – Моңғолия (1 күміс, 2 қола)
Qazaq Kuresi Ассоциациясы.