Шымкент қаласында ересектер арасындағы ҚР чемпионаты бастау алды
24 Қараша 2025
Поделиться
Шымкент қаласында бастау алған қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу рәсімінде сөз алған Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Қайрат Пазылбек, Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов және Шымкент қаласы Qazaq Kuresi федерациясының президенті Асхат Әбдіжәмилұлы спортсүйер қауымды чемпионаттың басталуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Шара барысында Дамир Әсенғазыұлы қазақ күресінің өкілі Айдос Ғалымовқа қазақ күресі спорт түрінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберінің төсбелгісі мен куәлігі салтанатты түрде табысталды.
Айдос Қайратұлы қазақ күресінен 2 дүркін Әлем чемпионы, 4 дүркін "Еуразия барысы" турнирінің және 3 дүркін Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және 17 өңірден келген 500-ге жуық балуан 16 салмақ дәрежесінде (ерлер – 8, әйелдер – 8) белдесуде.
Qazaq Kuresi Ассоциациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан чемпионатқа Sport Qory спортты қолдау қоры демеушілік етуде.
Бүгінгі жарыс күні 70, 77, +77, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелерінің спортшылары сынға түсуде.
@SportQory
Шымкент қаласы.
"Жеңілатлетикалық манеж" спорт кешені.