Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында қазақ күресінен ересектер (ерлер мен әйелдер) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Аталған бәсекеге Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 450-ге жуық балуан сайысып, кілемде кіл мықтыны анықтауда.
Сағат 10.00-де бастау алған чемпионаттың бағдарламасына сәйкес, жарыстың бірінші күні ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг, ал әйелдер: -70 кг, -77 кг, +77 кг салмақ дәрежелерінде сынға түсуде.
Балуандар 16 салмақ дәрежесінде сынасатын Қазақстан Республикасының чемпионаты 9 қара күні өз мәресіне жетеді.
«Тараз Арена» спорт кешені.
Жарысқа кіру тегін!
Естеріңізге сала кетейік, қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және Sport Qory cпортты қолдау қоры.
Жарыс бағдарламасы:
7 қараша
10:00 – жарыстың басталуы.
Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг.
Әйелдер: -70 кг, -77 кг, +77 кг.
8 қараша
10:00 – жарыстың басталуы.
Ерлер: -66 кг, -74 кг, -82 кг.
Әйелдер: -56 кг, -60 кг, -65 кг.
9 қараша
10:00 – жарыстың басталуы.
Ерлер: -55 кг, -60 кг, Түйе балуан.
Әйелдер: -48 кг, -52 кг.