Қауымдастық туралы
Біз не істеп жатырмыз

2020 жылдың 29 ақпанында Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясының бірлескен Конгресінде сала мамандарының қолдауымен Qazaq kuresi Ассоциациасы құрылған болатын. 

Qazaq kuresi Ассоциацияның мақсаты – қазақ күресін республикалық және халықаралық аренада дамыту, оны олимпиадалық спорт түрлері бағдарламасына енгізу үшін тиісті қадамдар жасау және кешенді шараларды ұйымдастыру. 

Қазақ күресі – бұл Қазақстанның ұлттық спорт түрі ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренада қарқынды дамып келе жатқан беделді спорттық бағыт. Бүгінде түрлі елдердің балуандары өз шеберліктерін көрсетіп, мықтылар атағы үшін сынға түсетін ұлттық және халықаралық турнирлер тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларда «Qazaq kuresi» Ассоциациясының тікелей жетекшілігімен жұмыс істейтін өңірлік федерациялар құрылған.

Қазіргі уақытқа дейін қазақ күресінен 11 Әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 Әлем кубогы, сондай-ақ 6 Еуропа чемпионаты мен 2 Африка чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл айтулы додалар Қазақстан, Иран, Бразилия, Оңтүстік Африка және басқа да мемлекеттердің төрінде өтті.

Бүгінде қазақ күресінің федерациялары әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істейді. Әр жыл сайын төрт құрлықтың спортшылары 10-нан астам халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, ұлттық күрестің беделін арттыра түсуде.

Оқиға
Qazaq Kuresi
Қазақ күресі Еуразия құрлығындағы барлық дәстүрлі күрес түрлерінің синтезінің нәтижесі болып табылады. Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келді. Ірі халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Дене тәрбиесі және спорт комитеті алқасының шешімімен 1972 жылы қазақ күресінен тұңғыш рет 12 балуан «Қазақ КСР-інің спорт шебері» атағына ие болды. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды. Жинақталған мол материалдар негізінде 2000 жылы қазақ күресін дамытудың жаңа бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға Марат Жақыт, Бақыт Жаңбырбаев, Диқанбай Биткөзов секілді кезінде КСРО құрамасында болған айтулы жаттықтырушылар мен бірге басқа да мамандар тартылды. Бауыржан Жаналин жасаған ережені мамандардың талқысына салынып бекітілді. 2001 жылы жасалған әдіс-тәсілге ұпай беру жүйесін ұлттық терминдермен ауыстыру туралы Жаналинге ұсыныс жасалынды. Техникалық әрекеттер үшін берілетін ұпай орнына «бүк», «жамбас», «жартылай жеңіс», «таза жеңіс» сөздерін қолданыла басталды. «Баста», «тоқта» терминдері айналымға енді. 2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция өтіп, сонда «Қазақ күресі» бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті – Төкеев Серік Адамұлы. 2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақ күресі» бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақ күресі» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-дене аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. 2006 жылы Алматы қаласында қазақ күресінен 1-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 36 мемлекеттің балуандары қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның 4 балуаны Әлем чемпионы атанды, атап айтсақ Бауыжан Тәліп, Мәди Құрымбаев, Бақтыбай Қисықов, Бейбіт Ыстыбаев. 2008 жылы Ресейдің Орск қаласында 2-ші әлем біріншілігі өткізілді. Оған 42 мемлекеттің балуандары қатысып, Қазақстанның 4 балуаны алтын, 2-і күміс медальмен оралды. 2010 жылы Астана қаласында өткен үшінші Әлем чемпионатына ФИЛА (UWW) президенті Рафаель Мартинетти арнайы келіп Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясын ФИЛА мүшелігіне қабылдау туралы құжатқа қол қойды. Бұл ұлттық күресіміздің тарихындағы ең бір маңызды сәттің бірі. 2010 жылы Елордамыз Астана төрінде 3-ші Әлем біріншілігі туын желбіретті. Жарысқа 46 мемлекеттен 300-ден астам балуандар қатысты. Қазақ балуандары бұл бәсекеде 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды. 2011 жылы 20-шы тамызда «Қазақстан барысы» жүлдесі өткізілді. Оған әр облыстан 4 балуаннан, барлығы 64 балуан қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Бұл сайыста 1-ші орынды Қызылордалық балуан Рысқұл Ұлан иеленіп 150 000 АҚШ долларын алды, 2-ші орынды Жамбыл обылысының балуаны Ыстыбаев Бейбіт иеленіп жүлдеге 30 000 АҚШ долларын алса, 3-ші орын Шығыс Қазақстандық Жоламанов Шалқарға бұйырды, тиісінше 10 000 АҚШ долларын алды. 2016 жылы Эфиопияда өткен ЮНЕСКО-ның 11-сессиясында қазақ күресі материалдық емес мәдени мұра тізіміне енді. 17 мемлекеттің дауыс беруі нәтижесінде қазақ күресі материалдық емес мәдени мұра тізіміне кірді. Ұлттық күресіміз 2017 жылы Түркменстанның астанасы – Ашғабадта өткен жабық ғимараттағы Азия ойындарының бағдарламасына енді. Сонымен қатар, бұл жылы ІІІ Әлем кубогі (ШҚО), ІІІ Еуропа чемпионаты - Нови-Сад қаласында (Сербия), ІІ Африка чемпионаты - Кейптаун қаласында (Африка) өткізілді.
19??
Құрылған жылы
1938
Республикалық байқаулар бағдарламасына енгізілген
2000

Күрес ережелері бекітілді

Бірінші ел чемпионаты

2012

Биылдан бастап Қазақстанда жыл сайын қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді. Бұл ұлттық спортты кеңінен насихаттау мақсатында жасалып отыр. Турнир Тараз қаласында өтуде. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен спортшылар қатысуда. Ережеге сәйкес, балуандар абсолютті салмақ дәрежесінде сынға түседі. Сондай-ақ Тараз қаласында «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өтуде. Мұнда Еуропа мен Азияның балуандары қатысуда. Тұрақты қатысушылар – Иран, Моңғолия, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Қытай және Қазақстанның балуандары.

2016
ЮНЕСКО толеранттылық, ізгі ниет пен ынтымақ қағидаттарына негізделген қауымдастықтар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға әсерін атап өтіп, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізді.
Контактілер
Қауымдастық Qazaq Kuresi
Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қ.
Қабанбай батыр даңғылы, 43.
Тел: +7 7752922795
Посмотреть на карте Астаны